24 Маусым, 2014

Ынтымақтастық әлеуеті арта түспек

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Сочиде  Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Күн тәртібінде еуразиялық интеграцияны одан әрі дамытудың неғұрлым көкейкесті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Армения  Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы жөніндегі шарттың жобасы, Қырғыз Республикасының еуразиялық интеграциялық жобаға қосылуы бойынша одан арғы жұмыстарының барысы, сондай-ақ, үстіміздегі жылғы мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ  (ЕАЭО)  туралы шартты жүзеге асыру жөніндегі одан арғы жұмыстар талқыланды. Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктердің ашықтығын кезекті рет растап берді. Оның сыртында, Кеңес отырысында  ЕАЭО туралы шарттың ережелерін жүзеге асыруға бағытталған актілерді әзірлеу бойынша бірлескен қызметтің шешуші аспектілері, Кеден одағы шеңберінде  МДП конвенциясын қолдану, сондай-ақ, Астана қаласындағы  ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүтіндей алғанда, Кеңес мүшелерінің пікірлерінше, қабылданған шешімдер елдердің интеграциялық бірлестіктегі өзара іс-қимылдарының әлеуетін одан әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған.