Әлем • 28 Ақпан, 2023

Илон Маск абақтыға қамалуы мүмкін бе?

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акционерлер «Тесла» компаниясын және оның бас директоры Илон Маскті сотқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск абақтыға қамалуы мүмкін бе?

Танымал кәсіпкердің басы дауға қалды. Себебі кәсіпорын электрлі көліктердің авто-пилот жүйесінің қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпаратты 4 жыл беріп келген екен.

Салдарынан жол апаттары тіркеліп, адамдар жараланып, тіпті қаза болғандар да болды. Ұжымдық арыз жазғандар өтемақы талап етіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың Жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты ұлттық басқармасы «Тесланы» 360 мыңнан астам электр көлігін кері қайтаруға мәжбүрлеген болатын.

Талапкерлер компаниядан және автомобиль өндірушінің басқа өкілдерінен келтірілген шығынды талап етіп жатыр.