Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Ертең саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылдың 1 наурызында «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді

Пікірсайысқа сайлауға қатысатын барлық 7 партияның өкілдері қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Тікелей эфир 1 наурыз күні сағат 20:30-да басталады.