«КazEOSat-2» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жерді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты.
«КazEOSat-2» спутнигінің ұшырылымы РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде құрылған «Днепр» зымыран-ұшырғышымен жүзеге асырылған болатын.
«КazEOSat-2» спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ, табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.
Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі «KazEOSat-2» спутнигін ұшыра отырып, орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппаратымен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (ү.ж. 30 сәуірде ұшырылған «KazEOSat-1» және 20 маусымда ұшырылған «KazEOSat-2») мен мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешен кіреді.
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Қазғарыш делегациясы «KazEOSat-2» ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге, «Днепр» ЗҰ ұшыруға толық құқылы қатысушы ретінде де қатысқан, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Спорт • Бүгін, 09:00
«Неміс машинасын» тоқтату қиын
Футбол • Бүгін, 08:58
17 маусым күнгі кесте: Месси мен Мбаппе ойынға қосылады
Спорт • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:53
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Шымкент • Бүгін, 08:50
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Шахмат • Бүгін, 08:48
Инвестиция Ұлытаудың өркендеуіне серпін береді
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
Шымкент • Бүгін, 08:43
Ғылым • Бүгін, 08:40
Алаш қозғалысын қолдаған тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:38
Зерде • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
«Ақырғы аманат» және Ораз мерген
Кино • Бүгін, 08:30
Жалған басшы: ІІМ алаяқтықтың жаңа схемасы бойынша ескерту жасады
Заң • Бүгін, 08:29
Ғылым • Бүгін, 08:28