Қоғам • 28 Ақпан, 2023

Шетел азаматтарының Қазақстанда тұруын жеңілдетін заң күшіне енді

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап сұранысқа ие кәсіп мамандары Қазақстанда тұру мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, ықтиярхат алу процесін оңайлату туралы бұйрық күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетел азаматтарының Қазақстанда тұруын жеңілдетін заң күшіне енді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және IT салаларындағы кәсіптерді меңгерген шетел азаматтары республикада тұруға ықтиярхат ала алатынын мәлімдеген еді.

Заң бүгіннен бастап өз күшіне енеді. Кәсіптер тізімі жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Еңбек министрлігімен бекітілді.