Әйел әлемі • 28 Ақпан, 2023

Мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлер бөлінбейді - Ажар Ғиният

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа «Әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлер бөлінбейді - Ажар Ғиният

«Жалпы мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлер бөлінбейді. Белгілі бір міндетті арқалаған мемлекеттік қызметкерлер бар, біз өз қызметімізді атқарамыз. Мен жұмыс істеймін және маған қиын емес», деп жауап берді министр Үкімет отырысы кулуарында журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар ведомство басшысы өзінің жұмыс кестесі мен күнделікті жұмыс тәртібімен бөлісті.

«Бізде, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты тұрақты емес. Таңғы 8-ден кешкі 9-10-ға дейін болуы мүмкін. Демалыс күндері де жұмыс істейміз. Егер тапсырмалар орындалса, демалыс күндері демалуға болады. Ал жұмыс көп болса, онда жұмыс істеу керек», деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше