24 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана, Парламент Үйі, 2014 жылғы 23 маусым  №48

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.