Қазақстан • 28 Ақпан, 2023

Елордада С5+1 форматындағы кездесу өтіп жатыр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматында министрлік кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада С5+1 форматындағы кездесу өтіп жатыр

Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық пен Орталық Азияның АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

«Қазақстан өзінің көпвекторлы және салмақты сыртқы саясатын жалғастырады. Осы тұрғыда Орталық Азия да, АҚШ та біз үшін негізгі басымдықтар болып табылады. Осы орайда «С5+1» форматы одан да өзекті болып отыр. Біздің ұжымдық күш-жігеріміздің арқасында «С5+1» форматы маңызды құралға айналды. Ол біздің елдерімізді экономикалық және сауда байланыстарын нығайту және орталық мәселелерді тиімді шешу үшін біріктіреді», деді Мұхтар Тілеуберді.