Департамент осы мәселе бойынша «Өзенэнергосервис» мекемесінің өкілдерімен кездесу өткізіп, нәтижесінде, бизнес орталыққа электр энергиясын беру туралы шешім қабылдаған.
Осы орайда, департамент бақылаушы органдардың рұқсаттарын беру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қолдауларды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде проблемалар мен әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіп иелерін қабылдауға шақырады.
Айта кетейік, департамент анықталған кемшіліктер мен оларды шешу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылдап жатыр.