Шаруашылық • 28 Ақпан, 2023

Бидайдың жаңа сұрпы

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа түрі «Таймас» деп аталады.

Бидайдың жаңа сұрпы

Асыл тұқымды «Таймас» сор­тын орталық ғалымдары 15 жыл бойы зерттеген. Биыл мем­лекеттік патент алды. Бұл туралы орталықтың Жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі, жас ғалым Елжас Қайыржанов айтты.

Мамандар жаңа сорттың құр­­ғақшылыққа төзімді екенін айтты. «Таймас» пісу түріне сәйкес орта маусымдық сортқа жатады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіші бойынша да сорты жоғары бидай саналады.

– Мұндағы шикі қамырлылы­ғының мөлшері – 32,3-34,5 пайыз, ақуыз – 15,1-15,7 пайыз. Сорт­тың өнімділігі де аса жоғары. Зерт­теу жылдарында жаңа сорт максималды өнім­ділік көрсетті – 38,5 ц/га. Жаңа өнім Солт­үстік Қазақстан жағ­дайын­да өсіруге ұсынылады, – деді Е.Қайыр­­жанов.

Еліміздің солтүстік өңірлеріне аса бейінді жаңа сорт алқаптарда кездесетін түрлі ауруларға төзімді. Тіпті сары тот ауруын да елемейді. Аталған ауру түрі бидайдың өсуі мен жетілуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Оған шалдыққан бидай 30-40 пайыз өнімділігін жоғалтады. Ал «Таймас» сорты бұған төзімді.

Е.Қайыржановтың айтуынша, қазір элиталық тұқым түрін көбейту жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. Алдағы екі жыл ішінде оны жеткілікті мөлшерде көбейтіп, тұқым ретінде өзге тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына жөнелту жоспарланып отыр.

 

Бердібек ХАБАЙ,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті