Жалпы жер қойнауын пайда-ланушының жұмысына оң баға беріліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Сондай-ақ жұмыс сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның Қызылорда облысында орналасқан еншілес кәсіпорындарының қатысуымен олардың қазіргі қызметі мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Энергетика министрлігіне уран кен орындарын игеруді дамыту бағдарламасының тұжырымдамаларын және кен орындарына іргелес аумақтарда уранды барлау жоспарларын ұсыну, сондай-ақ кен орындарында уран өндіру кезеңін ұзарту мәселесін пысықтау тапсырылды.
Сол күні түстен кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және өңірдегі көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларымен жұмыс кездесуі өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Торғай-Палеозой учаскесінде ұңғыманы бұрғылау бойынша жұмысты жеделдету ұсынылды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға Оңтүстік Ақсай кен орнын жедел пайдалануға беру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Кеше вице-министр өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдармен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдаулар өткізіп, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырды.