Әлем • 01 Наурыз, 2023

Грекияда пойыз апатынан 26 адам қаза тапты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысты. Оқиға салдарынан 26 адам қаза тапты, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекияда пойыз апатынан 26 адам қаза тапты

Апат сейсенбі күні кешке Ларисса қаласының маңында болды. Жолаушылар пойызы Афинадан Салоникаға бағыт алған. Ал сол жолда оған қарсы Салоникадан Лариссаға бара жатқан жүк пойызы болған.

Пойыздардың неге бір жолда болғаны белгісіз. 350 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетіп, вагондар өртеніп кеткен.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі пойыздың дөңгелектері мен басқа да бөліктері он метрдей жерге ұшып кеткен.

«Қақтығыс өте күшті болды», деді Фессалия аймағының губернаторы Константинос Агорастос.

Оның айтуынша, жолаушылар пойызының алғашқы төрт вагоны рельстен шығып кеткен. Ал бірінші және екінші вагондар толығымен өртенген.

Skai телеарнасының хабарлауынша, ауыр жарақат алмаған жолаушылар эвакуацияланған. Ал жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.