Саясат • 01 Наурыз, 2023

Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамытуға ниетті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға ресми іссапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамытуға ниетті

Тараптар жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу саласындағы ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, меморандумға қол қойды.

Айталық, жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе алмасып, құзыреттілікті арттыру, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің заманауи технологияларын қолдану, әсіресе пайдалы қазбаның орындарын картаға түсіру ісінде, аймақтық масштабта болжау әдістері мен модельдеуде қолғабыс етіп, сондай-ақ бірлескен ғылыми семинарларды, дөңгелек үстелдерді әрі воркшоптарды өткізу бағытында өзара байланысты нығайту жоспарланып отыр.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50