Қоғам • 01 Наурыз, 2023

Көктемде қанша азамат әскерге шақырылады?

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде көктемде қанша азамат әскер қатарына шақырылатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемде қанша азамат әскерге шақырылады?

Қарулы Күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, полковник Бауыржан Артықов биыл көктемгі мерзімді әскери қызметке 18 мыңға жуық азамат өтетінін айтты. 

Оның айтуынша, наурыз бен шілде айлары аралығында әскерден босауға рұқсаты жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам жас жігіт әскер қатарына шақырылады.

«Оның ішінде қарулы күштерге - 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланға - 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметіне - 3 мыңнан астам, ТЖМ - 3 жүзден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне - 80-нен астам адам жіберіледі», деп қосты Артықов Бауыржан.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген әскери қызметшілерді 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Сондай-ақ әскери жастағы қазақстандықтардың әскерден босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы мәртебесін SMS арқылы білуге ​​мүмкіндігі бар екені хабарланды.