Ұлттық банктің статистикасы бойынша, ең көп несиені Алматы қаласы тұрғындары алған. Қаражат сомасы 262,1 млрд теңгені құрайды. Одан кейін елорда тұрғындары – 66,6 млрд теңге және Шымкент – 51,9 млрд теңге мөлшерінде несие алған.
Сондай-ақ несие мөлшері Қарағанды облысында – 34,2 млрд теңге, Ақтөбе облысында – 28,3 млрд теңге және Маңғыстау облысында – 26,2 млрд теңгені құрайды.
Ал несиенің ең аз мөлшердегі көрсеткіші Алматы облысы – 2,1 млрд, Ұлытау облыстарында – 5,2 млрд.
2023 жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиенің жалпы сомасы 684,6 млрд теңгені құраған.