Әлем • 02 Наурыз, 2023

iPhone қай елдердің қалтасын қағады?

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Globalproductprices iPhone 14 смартфонын сатып алушы елдердің жаһандық рейтингін ұсынды. Ол дерек бойынша Қазақстан 24-орында, деп хабарлайды Egemen.kz finprom сайтына сілтеме жасап

iPhone қай елдердің қалтасын қағады?

Бұл флагманның бағасы халықтың табысымен тікелей байланысты. 

Ең қымбат iPhone 14 Нигерияда, Түркияда және Бразилияда сатылады: 1,7 мың, 1,6 мың және 1,5 мың доллар. Ал бағасы әлдеқайда төмен мемлекеттер АҚШ  (799 АҚШ доллары), Канада (807 АҚШ доллары) және Макао (8 854 АҚШ доллары).

ТМД елдерінің арасында Әзербайжан мен Украинада  iPhone 14  Қазақстанға қарағанда қымбат болды. Ресей мен Өзбекстанда бұл смартфонды 1,1 мың долларға сатып алуға болады.

Сomparedial.com мәліметінше, қазақстандықтар iPhone 14 сатып алу үшін жылдық жалақысының 20,1%-ын жұмсайды. Осы көрсеткіш бойынша, Қазақстан iPhone 14 телефонын сатып алудан 24-ші орында.

Нигерияда iPhone 14 әлемдегі ең қымбат гаджет. Егер телефонды алғылары келсе жергілікті тұрғындар  жылдық жалақының үштен екісінен астамын (69,1%) береді. Сонымен қатар смартфонның ең төменгі бағасы тіркелген АҚШ азаматтары үшін бұл жылдық жалақының тек 1,8% құрайды. 

а