Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 25 ақпан күні болған.
Полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр. 76 жастағы зейнеткердің өз-өзін өлтіргені туралы дерек те бар.
Орталық қызметкерлерінің сөзіне сенсек, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйіт таңғы 5-те табылды. Мекеме басшысының болжамына сәйкес, зейнеткер сүйіктісіне деген қызғаныш себебінен суицид жасауы мүмкін.
«Ол өте қызғаншақ еді. Наташа есімді әйелді тым жақсы көретін, ешкіммен сөйлесуге рұқсат бермейтін. Наташа бір рет мас күйінде келгенде біз оны бір аптаға бөлек бөлмеге ауыстырдық. Шамасы, осы жағдай оның өліміне себеп болған тәрізді. Нақты білмейміз. Полиция анықтай жатар», деді Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Нұрғали Тортаев.