Қоғам • 02 Наурыз, 2023

Жол ережесін 29 рет бұзған Алматы тұрғынына ірі айыппұл салынды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жол ережелерін өрескел бұзған 22 жастағы жігітке жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол ережесін 29 рет бұзған Алматы тұрғынына ірі айыппұл салынды

Полиция бұл деректі әлеуметтік желіні бақылау барысында анықтады.

«Біздің бөлімнің қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісі анықталды. Ол жол қозғалысы ережесін 29 рет өрескел бұзған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша (Маневр жасау ережелерін бұзу), Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы 1-бөлігі бойынша (Апаттық жағдай туғызу) 2 хаттама, жалпы 27 хаттама толтырылды. Жүргізушіге 534 750 мың теңге айыппұл салынды», деп түсіндірді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзақбаев.