Спорт • 02 Наурыз, 2023

Қазақстан боксшыларының WBA рейтингіндегі орны анықталды

1188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшыларының WBA рейтингіндегі орны анықталды

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстан боксшысы Иван Дычко 15-орында тұр.

Бұл салмақта WBA титулын Александр Усик иеленді.

Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен тысқары қалса, Серік Мұсәділов 15-орынға жайғасты. Бұл салмақта франциялық Арсен Гуламирян чемпион атанды.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтағы чемпион - Геннадий Головкин. Сондай-ақ уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақ чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.