Әлем • 03 Наурыз, 2023

Қытайда салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті

2801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда салынып жатқан 42 қабатты Kimpton қонақ үйі өртеніп кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт ғимараттың айналасындағы бамбук ағаштарынан басталған. Бірақ оқиғаның нақты себебі әлі де белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті

Салынып жатқан зәулім ғимарат Гонконгтың ең ірі сауда орталығы және туристік аймақтарының бірі – Цим Ша Цуйде болды. SCMP мәліметінше, өрттен екі көлік жүргізушісі зардап шекті. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Өрт ғимарат айналасындағы сауда кешендеріне де шарпыды. Бірақ өрт сөндірушілер жалынды тез сөндіріп үлгерді.

Ғимарат 2018 жылы бұзылып, орнына 42 қабатты 500 бөлмелі Кимптон қонақ үйінің құрылысы басталған еді.