Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.
Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.