Тырнақ тістеуді ғылыми тұрғыда «онихофагия» деп атайды. Бұл айтарлықтай қиындық тудырмайды. Дегенмен бұл әдетпен күресу керек. Баланы осы жағымсыз әдеттен арылту үшін алдымен оның себебін анықтап алған жөн. «Онихофагия» – тырнақ тістеуге итермелеп тұратын психикалық ауытқу.
Бұл жаман әдетті баламен оңашада қалдыруға болмайды. «Уақыт өте кетер» деп, уақыттың еншісіне қалдырудың қажеті жоқ. Себебі кейін ол дәрігердің көмегінсіз шешілмейтін психикалық ауытқуға ұласуы мүмкін.