25 Маусым, 2014

«Мемлекеттік қызметкерлер күні» атап өтілді

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аппарат басшысы Үсен Жетенов өт­кен жылы Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың Бұйрығымен нақ­тыланған «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесінің мән-маңызына тоқталып, Елбасы стратегиясындағы 30 алдыңғы қатарлы ел санатына қосылуға мемлекеттік қызметкерлердің де атсалысуы қажеттілігін түсіндірді. Бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының қоры­тындыланып келе жатқанын мәлімдеді. Атаулы мерекелеріне орай Аппарат қызметкерлері – Асқар Жақыпов, Наталья Лотова және Айнаш Тәшімова «Үздік мем­лекеттік қызметкер» атағымен және төс­белгісімен марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге Мәжіліс Төр­а­ғасы Қабиболла Жақыповтың «Алғыс ха­ты» тапсырылып, енді біразына Аппарат басшысының алғысы жарияланды. «Мемлекеттік қызметші күні» мере­кесіне орай бір топ жас қызметкер салтанатты түрде Мемлекеттік қызметкер антын қабылдады.