Елорда • 03 Наурыз, 2023

Елордада AFL шағын футбол лигасының чемпионы анықталды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада шағын футболдан Астана қаласының әуесқой командалары арасында кезекті турнир аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада AFL шағын футбол лигасының чемпионы анықталды

2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың наурызына дейін Астана қаласының әуесқой командалары арасында AFL (Astana Futbol Ligasy) іс-шаралар күнтізбесі аясында паркетте шағын футболдан бірінші лига турнирі өтті.

Бұл біріншілікке 70-тен астам команда қатысты. Ұлттық ұланның «Ұландықтар» құрама командасы 1-ші лигада бірінші жалпы командалық орынды иеленді және жарыс регламенті бойынша автоматты түрде келесі маусымда өнер көрсететін AFL жоғары лигасына көтерілді.

Бұл жарыстың мақсаты - шағын футболды дамыту және насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық жарыстарға тарту, бірлік пен мүдделер ортасын құру болды.

Лигадағы үздік атақ үшін 12 команда күресті. Нәтижесінде «Ұландықтар» командасы 35 ұпай жинап, қарсыластарының қақпасына 62 гол соқты.

«Ұландықтар» командасын қысқы лигадағы жеңісімен және олардың AFL жоғары лигасына өтуімен құттықтаймын. 16 ойын барысында ұландықтар алаңда өздерін лайықты көрсетті. Оларға алаңда және өмірде сәттілік пен болашақта көп жеңіс тілеймін, - деп құттықтады AFL турнирінің бас төрешісі Сергей Попов.

Финалда ойнаған командаларға Кубоктар, дипломдар және естелік медальдар берілді. Жалпы біріншілік жоғары деңгейде өтті, футболшылар әдемі ойын көрсетіп, командада қызу ойын ұйымдастыра білді.