Спорт • 03 Наурыз, 2023

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев оңтүстіккореялық спортшы Ким Вон Джиннен жеңіліп, Гранд-слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

60 келіге дейінгі салмақтағы финалда 27 жастағы қазақстандық спортшы 30 жастағы оңтүстіккореялық дзюдошы Ким Вон Джинге есе жіберді. Жартылай финалда Серікбаев әлем чемпионы Лухум Чхвимианиді жеңген еді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дзюдошы D тобында жеңіске жетті.

Гранд-слэм турнирі Өзбекстан астанасында 5 наурызға дейін өтеді.