Медицина • 04 Наурыз, 2023

Атырау облысында медицина мамандары тапшы

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысына жұмыс сапары кезінде 150 төсекке арналған облыстық кардиологиялық орталыққа барды, онда бүгінде 200-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында медицина мамандары тапшы

Қазіргі уақытта бұл жерде аортокоронарлық шунттау және магистралдық тамырларға қақпақшалық хирургия, эндоваскулярлық араласулар (коронарлық, күре және перифериялық артерияларды стенттеу), сондай-ақ көп бейінді хирургиядағы эндоскопиялық және ашық операциялар сияқты жалпы жүрек операцияларының барлығы дерлік жасалады.

Мысалы, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі туралы сұраққа Ажар Ғиният ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асыру туралы айтып берді. Оның шеңберінде Атырау облысында 2023-2024 жылдар аралығында 18 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін, оның ішінде 11 медициналық пункт, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Ол сондай-ақ аудандық ауруханалар деңгейінде де өзгерістер болатынын, онда қосымша бөлімшелер ашылатынын және жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыру жоспарланатынын айтты.

Әкімдіктің мәліметінше, жыл басында Атырау облысында 280-нен астам медицина маманы, оның ішінде 183 дәрігер жетіспейді, бұл ретте акушер-гинекологтарға аса қажеттілік бар. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша өңірлерге кадрларды тарту мақсатында 2022-2023 оқу жылына резидентурада мамандар даярлауға 24 орын, оның ішінде екі акушер-гинеколог үшін бөлінді.