Эшлиға терлеудің өзі қауіпті. Ең қызығы - бұл құбылыс Эшлиде туа біткен емес. 15 жасына дейін қыз барлық адамдар сияқты қарапайым өмір сүрген. Содан кейін ол тонзиллитке шалдығып, ауырып қалды. Оған дәрігерлер пенициллиннің көп мөлшері бар препараттарды жазып берген. Нәтижесінде антибиотиктің үлкен дозалары суға аллергияны тудырған.
Бұл аурумен әлемде 5 адам аурады, соның бірі - Эшли. Ол «бұнымен өмір бітпейді» деген ұстанымды ұстанады. Морристің өмірге деген құлшынысы керемет. Оған 1 минуттан артық денесін суға жанастыруға болмайды. Ол ваннаға да, душқа да, бассейнге де түсе алмайды.
Эшли бұл жағдайға жақсы жағынан қарай білген. Мысалы, жігіті оған жан-жақты қамқорлық жасап, сүйіктісіне ыдыс-аяқ, кір жуудырмайтын көрінеді.