25 Маусым, 2014

Әлемдік балет кеші

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда елордада опера және балет жұлдыздарының халықаралық фестивалі – «Опералия-2014» аясында «Әлемдік балет жұлдыздарының» гала-концерті өтті. Астана күніне орай 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шарада Қазақстан, Бразилия, Италия, Германия, Ресей, Украина елдерінің әртістері өнер көрсетті. Айта кететін жайт, биылғы фестивальға қатысушы жұлдыздардың барлығы жоғары деңгейдегі өнерпаздар. Қазақстанда да балет өнерінің өркендеп, дамып келе жатқанын көрсету мақсатында фестивальға елімізден 5 адам қатысты. Олардың ішінде Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушылары Гулвира Құрбанова мен Фархат Буриев Р.Стоаның «Параллелиін» А.Әбілғазинаның хореографиясы бойынша орындаса, па-де-де балетінен А.Аданның «Жизелін» Ж.Перро, Ж.Коралли, М.Петиптің хореографиясы негізінде көрерменге әсерлі күйде жеткізді. Сонымен бірге, мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының жеке орындаушысы Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауовпен Д.Лигетидің «Үрейлі көңіл күйін» Г.Бурабаеваның хореографиясы негізінде ұсынса, Еркін Рахматуллаевпен па-де-де балетінен П.И.Чайковскийдің «Аққулы көлін» М.Петиптің хореографиясы бойынша өте жоғары деңгейде орындап шықты. «Жас Бразилия балеті» балеттік шығарма­­­шылық ќұрамының жеке орындаушылары Аманда Гомес пен Маркус да Сильва Л.Минкустың «Дон Кихотын» па-де-де балетінен А.Горкскогоның хореографиясы негізінде ұсынса, Германиядан келген Штутгарт ұлттық операсының прима балеринасы Алисия Аматриан және Штутгарт ұлттық операсының премьері Джейсон Рейли Т.Хефс­тің «Мона Лизасын» И.Галилидің хорео­графиясында көрсетіп зор қошеметке бөленді. Ұлттық Рим опера және балет театрының жеке орындаушылары Эрика Гаудензи мен Джакомо Лючи па-де-де балетінен Р.Дригоның «Арлекинадасын» М.Петиптің хореографиясы бойынша, Дж.Вильямстің «Күн батқандағы серуенін» Р.Бонавитаның хореографиясы негізінде көрерменге ұсынып, халықтың ыстық ықыласына ие болды. «Опералия-2014» фестивалінің «Әлемдік опера жұлдыздарының» гала-концерті 4 шіл­­­­деде өтеді деп күтілуде. Шараға Еуропаның үз­­дік театрларының жеке орындаушылары Лео­­нардо Каими, Гва Мэй, сонымен қатар, ди­ри­­­жер Алан Бөрібаев пен Абай атындағы қазақ мем­­лекеттік академиялық опера және балет теат­­рының симфониялық оркестрі мен хоры өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Мақпал ТӨРЕБЕК.