Оқиға • 06 Наурыз, 2023

Тәжікстанда жер сілкінді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz some.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстанда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 6 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 04:10-да жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 621 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6. MPV магнитудасы 4,7», делінген хабарламада.