Спорт • 06 Наурыз, 2023

Шавкат Рахмонов UFC-дің абсолютті рекордшысы атанды

2312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Шавкат Рахмонов UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңгеннен кейін UFC турнирінде рекордтық жетістікке жетті. Оның еншісінде 17 жеңіс бар, оның бесеуі UFC-де болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Рахмонов UFC-дің абсолютті рекордшысы атанды

Шавкат Рахмонов «Номад» Джефф Нилмен кездесудің үшінші раундында жеңіске жетіп, жеңіс маршын 17-0-ге жеткізді.

Бұл қазіргі уақытта әлемнің ең үздік промоушені – UFC-дің жеңілмеген боксшылары арасындағы рекордтық көрсеткіш. Шавкат Рахмонов осы көрсеткіштердің арқасында Ресей спортшылары - Мовсар Евлоев (16-0) пен Умар Нурмагомедовтан (16-0) басым түсті.

Айта кетейік, Шавкат барлық жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.

Рахмоновтың Нилмен өткізген жекпе-жегі үшін гонорар 161 500 долларды құрады. Оның 30 000 доллары кепілдік жарна, 6 000 доллары демеушілік бонус, 25 500 доллары - Нилдің артық салмағының 30%, «Кештің үздік жекпе-жегі» үшін 100 000 доллар қос бонус.