Әлем • 06 Наурыз, 2023

Грекия Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия Премьер-министрі пойыз апатынан қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекия Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады

Таяуда Грекияда екі пойыз бір жолға түсіп кетіп, апат болған еді. 1 наурызға қараған түні жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 57 адам қаза тапты. Елде осы оқиғаға байланысты наразылықтар басталды. 

Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады. 

«Қарама-қарсы бағыттағы екі пойыз бір жолда болмауы керек еді. Бұл қателікті ешкім байқамаған», деп жазды Премьер-министр Фейсбуктегі парақшасында.

Жексенбі күні мыңдаған наразылық білдіруші Афина көшелеріне шықты. Наразылық білдірушілер апат құрбандарын еске алу үшін аспанға шарлар ұшырды.