Әлем • 06 Наурыз, 2023

Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения әскерилері арасында болған атыста бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс болды

Әзербайжан әскери ведомствосының хабарлауынша, оқиға Әзербайжан әскерилері қару-жарақ тасымалдады деген күдікпен рұқсатсыз жүріп келе жатқан колоннаны тоқтатқан кезде болған. Атыс нәтижесінде әзербайжандық екі сарбаздың қаза тапқаны хабарланды.

Армения Сыртқы істер министрлігі Ішкі істер министрлігінің үш өкілі қаза тапқанын хабарлады. Ведомство қару-жарақ тасымалдады деген айыптауларды қисынсыз деп атап, колоннаны құраған әскерилердің қолында құжаттары және тек қызметтік қару болғанын баса айтты.

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында Армения мен Әзербайжан АҚШ-та бейбіт келіссөздер жүргізді. Екі елдің сыртқы істер министрлері әлеуетті бітімгершілік келісімінің элементтері туралы пікір алмасып, әлі де шешуді қажет ететін бірқатар мәселе барын мәлімдеді.