Бангладеш билігі 12000 адамды баспанасыз қалдырған рохинджа босқындар лагеріндегі өрттің неден шыққанын зерттеп жатыр.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ жергілікті биліктің айтуынша, өрт ас үйдегі газ баллондарынан шыққан. Айналаны лезде жалын шарпып 2000 баспана өртеніп кетті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрттің шығуына кінәлі деген бір ер адам ұсталды.