Қоғам • 06 Наурыз, 2023

Астаналық ардагерлер Жеңіс күніне орай 800 мың теңге алады

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының мәслихаты биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне Жеңіс күніне байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астаналық ардагерлер Жеңіс күніне орай 800 мың теңге алады

«Биыл Жеңіс күніне орай Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне 800 000 теңгеден қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін», делінген құжатта.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлерін қоса алғанда, елорданың басқа тұрғындарына Жеңіс күніне дейін 30 000 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Осылайша:

  • Астанада тұратын ардагерлерге 67 АЕК (231 150 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;
  • Еңбек ардагерлеріне, (Ұлы Отан соғысында қайтыс болған, хабарсыз кеткен) екінші некеге тұрмаған жауынгерлердің ата-аналары мен жесірлеріне, екінші некеге тұрмаған жұбайына (күйеуі) әрқайсысына 11 АЕК (37 950 теңге) бөлінеді.

Сондай-ақ 2023 жылы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған (хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлерінің арасынан шыққан басқа да тұлғаларға 800 000 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып жатыр. 

«Жалпы, 12 ардагерге 1 031 150 теңгеден, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің жесіріне 67 950 теңгеден төленеді», деп қорытындылады мәслихат.