Инновация • 06 Наурыз, 2023

Жасанды интеллект Қазақстанның болашағын болжады

10771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интелллект жетістіктері әлемді таңғалдыруды жалғастырып жатыр. Ғалымдар ChatGPT, Stable Diffusion, dall-E 2, Midjourney платформаларының мүмкіндіктері шексіз екенін айтуда. er10.kz медиа аггенттігі эксперимент жасап, жасанды интеллект арқылы Қазақстанның болашағына фото-иллюстрация жасап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект Қазақстанның болашағын болжады

Midjourney жасанды интеллект платформасы Алматы, Астана қалаларының болашық көрінісін, Қазақстанның ғылыми жетістіктерін, Байқоңыр ғарыш айлағын, ЛРТ құрлысын бейнелеп берген.

Жасанды интеллектің болжамындағы болашақ Қазақстан

.

Алматы 2050-жылға қарай осындай болады. Тау мен таласқан ғимараттар әдемі-ақ.

.

Ал бұл Шолпан ғарышына ұқсатып салынған жаңа Астана. Шары бар құрылыс қаланың көркіне жарасатынын жасанды интеллект біліп тұр.

.

Биыл ЛРТ-ға 50 миллиард теңге бөлінген. Үкімет басшысы бұл құрылыс 2 жылдың көлемінде аяқталуы керек деген еді. Midjourney платформасы да оның жүзеге асатынына сенімді.

.

Ал бұл болашақта салынатын жоғары технологиялық өндіріс компаниялары.

.

Жасанды интеллект Байқоңыр ғарыш айлағының болашақтағы иллюстрациясын жасаған. Әрі қазақтың ғарышкерлері де Марсты бағындыратынын көрсеткен. 

.

.