25 Маусым, 2014

Гонконгте ашылған өкілдік

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елбасының Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға байланысты берген тапсырмалары жүзеге асып жатыр. Кеше көрші Қытай елінің Гонконг қаласындағы арнайы әкімшілік ауданында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «KTZ Express» коммерциялық құрылы­мының салтанатты ашылу рәсімі болды. Ұлттық тасымалдаушы­­­ның жаңа офисі Азиядағы жетекші орталықтың әлем елдерімен көліктік-логис­тикалық мақсаттағы қар­­жы­лық операциялар жасауына өкілеттілік ететін бола­ды. Гонконгтегі бұл коммер­­ция­лық офис ұлт­тық ком­па­­­­нияның көліктік-ло­гисти­ка­лық хаб құру­дағы, Ұлы Жібек жолын жаңғыртудағы, республиканың транзиттік әлеуетін арттырудағы тың қадамы болып отыр. Коммерциялық құрылым Қазақстан аумағы арқылы экспорттық транзиттік жүк­тердің тұрақты өткізілуін қам­тамасыз ету үшін бір орталыққа жұмылдырады. Мәселен, Қытайдың Ляньюн­ган, Чунцин, Сиань, Шеньжен округтерінен шыққан тауарларды экспорттау үшін осы хабтың қызметі пайдаланылатын болады. Құрылым көліктік-логистикалық қыз­мет тапсырыстары пакетін әзірлейді. Коммерциялық ұсыныстардың алға жылжуына маркетингтік шаралардың ұйымдастырылуын қамтама­сыз етіп, Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды жасақ­тау істерімен айналысады. Бүгінгі таңда Қытай елі­нен Еуропаға Қазақстан ау­мағы арқылы жүк тасымал­дау мерзімі теңіз жолымен салыстырғанда үш есеге азай­ып, 14-16 күнде межелі жерге жеткізіліп жүр. Енді, бұдан былай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «KTZ Express» АҚ бірлескен коммерциялық жобасы Қытай­мен арадағы көліктік-логис­тикалық на­­­­рықтың дамуы­на зор ықпал етеді. Мы­салы, өткен мамыр айын­да Қазақстан Қытайдың Ляньюнган портында аума­ғы 21,6 гектар көліктік-ло­гистикалық терминал ашты. Терминалда Қытайдың магис­­­тральдық желісіне шыға алатын қоймалық орындар бар. Бастапқы өткізу мүмкіндігі шамамен жылына 500 мың ДФЭ, тәуліктік түсіріп-тиеу қуаты 10 пойыз деп жоспарланып отыр. Осы орайда айта кетеріміз, Қытай мен Қазақстан ара­лы­ғында 2012 жылы пайдала­ну­ға берілген екі транзиттік теміржол жүк өткелі Достық – Ала­шаңқай мен Алтынкөл – Қорғас қазіргі таңда жүк тасымалында жемісті жұмыс жасап тұр. Екі ел шекарасында «Қорғас – Шығыс қақпа­сы» арнайы экономикалық аймағы Қытайдан келетін жүктерді үйлестірудің өңірлік орталығы болып қалыптаспақ. Қазақстанның көліктік-логистикалық операторы ретін­де ҚТЖ ел аумағы ғана емес, шетелдерде де жүктер­ді жеткізудің «есіктен есік­ке дейінгі» тәртібін енгіз­бек. Осы мақсатта Ақтау порты­ның халықаралық өткізу қабілеті өсіріледі. Қосымша барлық көлік түрлерін шоғыр­ландыратын транзиттік темір­жолдар салынады. Компанияның Гонконгтегі жаңа офисі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасы­малының артуына ғана емес, Гонконгтің жаһандық жүк жет­кізу тізбегіндегі қаржы сек­­торы мен логистикалық се­­­­рік­тесігіне тың серпін береді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».