Сайлау • 07 Наурыз, 2023

ЕҚЫҰ есебі: Сайлауға дайындық барысына берілген баға

177 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Наурыздың 19-ы елімізде Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтетіні белгілі. Еліміз үшін бұл саяси науқанның маңызы ерекше. Өйткені биыл Парламенттің төменгі палатасы аралас жүйе арқылы жасақталады. Сондай-ақ өзін-өзі ұсынатын үміткерлерге мол мүмкіндік беріліп отыр.

ЕҚЫҰ есебі: Сайлауға дайындық  барысына берілген баға

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Осы орайда, еліміздегі сайлауды әлемнің іргелі ұйымдары мұқият бақы­лап отыр десек, артық айтқандық емес. Сөзі­мізге дәлел болсын, таяуда ЕҚЫҰ Демо­кратиялық институттар және адам құқық­тары жөніндегі бюросы Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы (ДИАҚБ СБМ) кезектен тыс Парламент Мәжілісі сайлауына қатысты аралық есебін жариялады.

Құжатта сайлаудың елде басталған бір­қ­атар реформа аясында өтіп жатқа­ны­на баса маңыз берілген. Аталған мекеме саяси бәсекеге қоғамның белсенді қа­ты­суын күтіп отыр. Сондай-ақ Мәжі­ліс­ке өтетін 98 депутаттың үштен екісі пропорционалды жүйе бойынша ал үш­тен бірі көпшілік округ бойынша сайлана­тынына назар аударады. Бір мандатты округ­­тер арасында тіркелген сайлаушылар са­нын­да айтарлықтай айырмашылық бар.

«Соңғы жылдары парламенттік сай­лау­­д­ың құқықтық базасына айтар­­лық­тай өзге­ріс­тер енгізілді. Сай­лау жүйесінің өзге­­руі кандидаттарды тіркеуге әсер етті, сайлауды өт­кізу органдарының құ­ры­лымы мен жұмы­сын, соның ішінде сайлау күнін­дегі процедураларды және сайлау науқанын қаржыландыру ере­же­лерін өзгертті. ДИАҚБ СБМ сұхбат­та­су­шыларының көпшілігі реформаларды құптады. Олар ДИАҚБ-ның алдыңғы бірнеше ұсынысын, соның ішінде сайлау шегін төмендетуді, өзін-өзі ұсын­ған кандидаттарға өз кандидатураларын ұсынуға мүмкіндік беретін толық тіке­лей Мәжілісті енгізуді және партия­лар­ды тіркеу талаптарын жеңілдетуді қарас­тырды», делінген ЕҚЫҰ баяндамасында.

Бұдан бөлек, сайлауды өткізу Орта­лық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақ­тық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелгеніне екпін береді. Осы уақытқа дейін ОСК бұқа­ра­лық ақпарат құралдарының, саяси пар­тия­лардың және мемлекеттік меке­ме­лер­дің өкілдері қатысқан тұрақты отырыс өткізгеніне назар аударады.

«ОСК отырыстары сурдоаудармасы бар қазақ және орыс тілдерінде тікелей эфир­де көрсетіледі, ал шешімдер жедел жарияланады. Сайлау комиссия­ла­ры­ның қызметкерлерін сайлау күні рәсімдерге оқыту және сайлаушыларға арналған ақпараттық науқан жалғасып келеді. ОСК жаңа сайлау жүйесі аясында қатарлас сайлау өткізудің қиын­ды­ғын мойындады. Қылмыстың ауыр­лы­ғына қарамастан, сот әрекетке қабі­лет­сіз деп таныған немесе түрмеде отыр­ғандарды қоспағанда, 18 жастан асқан азаматтардың дауыс беру құ­қы­ғы бар. Сайлаушыларды тіркеу пас­сивті және тұрақты тұрғылықты жері­не негізделген. Сайлаушылардың тізім­де­рін жергілікті атқарушы органдар аза­маттық хал актілерінің мемлекеттік тізілі­мінің деректері негізінде жасайды. 4 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдері көпшіліктің назарына ұсыны­ла­ды. Сайлаушылар уақытша тіркелген жері бойынша тізімге енгізу туралы өті­ніш бере алады, егер олар тізімде көрсетілмесе, учаске шегінде тұратынын растап, сайлау күні сайлаушылар тізіміне қосылуы мүмкін. 12 миллионға жуық сай­лаушы тіркелген. Тек саяси партия­лар жалпыұлттық сайлау округінде кан­дидаттарды ұсына алса, бір мандатты сайлау округтерінде кандидаттарды ұсы­нуды саяси партиялар, қоғамдық бір­­лестіктер және азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырады. ОСК пропорционалды бәсекеге қатысу үшін 281 кандидаты бар 7 партиялық тізімді тіркеді, ал УСК және округтік сайлау ко­мис­сиялары мажоритарлық округтер бо­йынша 435 кандидатты, оның ішінде 359 өзін-өзі ұсынған кандидатты тіркеді. Көптеген бір мандатты үміт­кер­лер тіркеуге қажетті жоғары қар­жы­лық жар­наға алаңдаушылық білдірді», де­лін­ген есепте.

Осы орайда мынаны айта кеткен жөн, сайлау науқаны ресми түрде 18 ақпанда бас­талды, ал 17 наурызда мәресіне жете­ді. ДИАҚБ СБМ есебіне сүйенсек, науқан қызу жүріп жатыр. Әсіресе интернетте және көптеген кандидат тіркелген бір мандатты сайлау округтерінде сая­­си тар­тыс жоғары деңгейде. Сондай-ақ үміт­керлер жабық орын-жайларда, негі­зі­нен жұмыс орындарында кездесулер ұйымдастыруға, плакаттар мен билбордтарды пайдалануға және әлеуметтік желілерге иек артқанын алға тартады. Сайлауды бақылау миссиясының па­йым­дауынша, әзірге талқыға түскен бірде-бір тақырып басымдыққа ие емес. Өйт­кені партиялар мен кандидаттар көп­те­ген әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерге назар аударған.

Тағы бір айта кететін мәселе, Мәжіліс пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен Парламентте әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота бөлінгені мәлім. Көптеген сарапшы бұл қадамды жо­ғары бағалады. Осылайша, бұл ұсы­ныс заңдық күшіне еніп, жүзеге аса бас­тады. Мәселен, Мәжілістің өткен ша­қы­рылымдағы депутаттарының 28-і әйел болатын. Сайлауды бақылау миссиясы да осы мәселеге назар аударып отыр.

«Саяси партиялардың ешқайсысын да, партиялық тізімдерді де әйел бас­қар­майды. Алайда әйелдер сот жүйе­сінде және төмен тұрған сайлау комиссияларында жақсы ұсынылған. Әйелдер партиялық тізім бойынша тіркелген кан­ди­даттардың 28,5 пайызын және бір мандатты сайлау округтерінде 19,5 па­йызын құрайды», делінген ЕҚЫҰ жариялаған мәлімдемеде.

Сонымен қатар есепте кейінгі жылдары сайлау бойынша нормативтік-құ­қық­тық базаға айтарлықтай өзгерістер енгі­зілгені айтылған. Мәселен, 2022 жылғы конституциялық өзгерістерден кейін парламенттік сайлауға қатысты нор­мативтік-құқықтық база қайта қа­ралды. Сайлау туралы заңға енгізілетін түзе­тулер жобасы 2022 жылдың шілде­сін­де қо­ғам талқысына ұсынылды. Азаматтық қо­ғам ұйымдарының материалдары не­гі­зінде кейбір өзгеріс енгізілді.

«Сайлау жүйесінің өзгеруі кандидаттарды тіркеуге әсер етті. Сайлауды өткізу органдарының құрылымы мен жұмысын, соның ішінде сайлау күніндегі процедураларды және сайлау науқанын қаржыландыру ережелерін өзгертті. Сайлау туралы заңдағы маңызды жаңа­лық­­тар қатарында әлеуметтік медиа үгіт-насихатын реттеу және азаматтық бай­қау­шыларды аккредиттеудің ресми процедурасын енгізу бар. Соңғы жыл­дары саяси партиялар туралы заңға елеулі түзетулер енгізілді, бұл пар­тия­ны тіркеу үшін қажетті мүше са­нына қойылатын талаптарды 20 мың­нан 5 мыңға дейін төмендетті. ДИАҚБ СБМ сұхбаттасушыларының көп­шілігі реформаларды құптады. Олар ДИАҚБ-ның алдыңғы бірнеше ұсынысы, соның ішінде сайлау шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, Мәжілістегі барлық орынның тікелей сайлануын қамтамасыз етуді, өзін-өзі ұсын­ған кандидаттарға сайлауға қаты­су­ға мүмкіндік беруді және партияларды тіркеу талаптарын же­ңілдетуге назар аударды», делінген баян­дамада.

Ата Заңға сәйкес, Мәжіліске елде кемінде 10 жыл тұрған, 25 жастан асқан адам сайлауға түсуге құқылы. Алайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғандар, соттылығы өтелмегендер саяси бәсекеге қатыса алмайды. Есепке сүйенсек, саяси партияларды тіркеуге қоятын талаптар ДИАҚБ-ның ұсыныстарын ескере отырып, қайта қаралған.

«Тек тіркелген саяси партиялар бірың­ғай жалпыұлттық сайлау окру­гін­де кандидаттар ұсына алады. Үміт­керлердің жабық тізімі бекітіледі. Бір мандатты сайлау округтерінде сая­си партиялар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы жүзеге асырады. Парламенттік сайлауға тіркелу үшін партиялық тізім бойынша ұсынылған немесе бір мандатты сайлау округі бойынша үміткер әрбір кандидат үшін 1 050 000 теңге (шамамен 2 165 еуро) мөлшерінде қаржылық кепіл енгізу қажет», делінген Сайлауды бақылау жөніндегі миссияның аралық есебінде.

«Науқан әзірге жанданғандай. Атап айтқанда, бір мандатты сайлау округ­терінде кандидаттар саны көп. Соны­мен қатар осы сайлауға екі жаңа саяси партияның қатысуы да бұған әсер етеді. Бірінші кезекте партиялар мен кандидаттар жабық жерлерде, негізінен жұмыс орындарында кездесулер ұйым­дас­тырады, плакаттар мен билбордтарды пайдаланады және әлеуметтік желі­лер­де белсенді қатысуды қолдайды. 18 ақпанда «Amanat» партиясының бас­та­масымен алты тіркелген саяси пар­тия меморандумға қол қойып, адал нау­қан жүргізуге келісті. Алматыда бір­не­ше өзін-өзі ұсынған, тәуелсіз және оппозициялық бір мандатты кандидат сайлауалды науқанын өткізу үшін күш біріктіріп, бірлескен манифест шы­ғар­ды», делінген баяндамада.

Ұйым үміткерлер көтерген тақырып­тар­ға да назар аударған екен. ЕҚЫҰ-ның келтірген есебіне сәйкес, мәселелердің ешқайсысы дәл қазір басымдыққа ие емес. Өйткені оның бәрі дәл қазір өзекті болып тұр. Мәселен, азық-түлік бағасының өсуі, тұрғын үй, қалалық қауіпсіздік және қолайлылығы, ауыл шар­уашылығы, саяси және эко­но­ми­ка­лық реформалар, шағын және орта бизнесті қолдау, заңның үстемдігі, дұрыс басқару, қоршаған ортаны қорғау сияқты көптеген әлеуметтік және эко­номикалық мәселелер көтеріл­ген. Сон­дай-ақ әлеуметтік желілерде Ре­сей­­дің Украинаға басып кіруінен туын­да­ған қиындықтар, ұлттық тәуел­сіз­дік пен егемендік тақырыбына да назар ауда­рыл­ған.

 «Facebook, Instagram және YouTube сайттарында барлық партияның, жекелеген кандидаттардың және инфлюен­сер­лердің онлайн-науқанын ДИАҚБ СБМ бақылап отырды. Осы уақытқа дейін Instagram ең көп қолданылатын плат­форма болды. Партиялар өздерінің аккаунт­тарын айрықша контент орналас­тыру үшін, сондай-ақ негізінен оқиғалар туралы бейнероликтерден, фотосуреттерден және сайлауалды плакаттардан тұратын кандидаттардың контентін қай­та басып шығару үшін пайдаланады. Кей­бір танымал YouTube арналары сайлау ал­дындағы пікірталасқа орын бөліп, кандидаттарды дебаттарға шақырды. Қол­даудың белгісі ретінде көптеген із­ба­сары бар танымал тәуелсіз кандидаттар онлайн-кеңістікті ұсынады және тәуелсіз кандидаттарды басқалардан, кейде өзде­рінің сайлау округтерінен насихаттайды. Инфлюенсерлердің онлайн-посттары, басқалармен қатар, журналис­терге жасалған шабуылдар мен елдегі сыбайлас жемқорлыққа арналған», де­лін­ген Сайлауды бақылау жөніндегі миссия баяндамасында.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров аталған есепке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ДИАҚБ СБМ сайлау үдерістерін ұйымдастыру шарттарын және олардың халық­аралық стандарттарға сәйкестігін талдайды.

«Аталған есепте сарапшылар Қазақ­­станда жүзеге асырылған сай­лау жүйе­сі­нің реформасына оң баға беріп, оның кейбір ережелері Демо­кра­тия­лық институттар және адам құқық­та­ры жөніндегі бюросының алдың­ғы ұсынымдарына сәйкес келетінін мәлімдеді. Атап айт­қан­да, сайлау шегін төмендету, тікелей дауыс беру арқылы толық сайланатын Мә­жі­лісті енгізу, сондай-ақ партияларды тіркеуге қойылатын талаптарды жеңіл­де­туге қатысты.

Сонымен қатар сарапшылар Орталық сайлау комиссиясының сайлауды ұйым­дас­тыру жөніндегі жұмысын оң бағалап отыр. Интернетте әрі көптеген кандидаты бар бір мандатты сайлау округ­те­рін­де сайлау науқаны қызу екенін атап өтті», деді А.Смадияров.