Министрдің айтуынша, Түркияға көмекке барған қазақстандық құтқарушылар ақшалай сыйақы алмайды.
«Мен бұған дейін құтқарушылардың заңнамада белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарлар аясында алатын қаражаты туралы айтқан болатынмын. Ведомстводағы жалпы құрам қызметкерлерінің жалақысы бірден 70 пайызға дейін ұлғаяды», деп жауап берді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына.