Ол 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан облысының Жымпиты орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Кейін мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.
1994-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратында, аудандық жұмыспен қамту орталығында, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, білім бөлімінде басшылық қызмет атқарған. 2008-2014 жылдары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы, 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2015-2017 жылдары Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болып тағайындалған.
2019-2020 жылдары Ұлттық архивтің басшысы қызметінде болған.