Қоғам • 07 Наурыз, 2023

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпорати­втік өсуі және дамуы қамтамасыз​ етіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер

​«Статистикаға сәйкес, 2010 жылы мемлекеттік қызмет­тегі әйелдердің үлесі 52,7%-ды құраса, 2022 жы­лы 55,4%-ға дейін өсті. Оның ішінде 39,2% басшылық қызметті атқарады. Саяси лау­азымдарда 59 әйел жұ­мыс істейді. Оның іш­інде министрлер, Аге­нттіктің, Жоғары ауд­иторлық палатаның жә­не Конституциялық со­ттың төрағалары, Сенат төрағасының орынбасарлары, обл­ыстар мен қала әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері бар», деді минист­р. ​

ҰЭМ басшысының мәліметінше, шағын және орта бизнестегі әй­елдердің үлесі 2011-­2021 жылдар аралығын­да 38,4%-дан 44,6%-ға өсті. Елімізде кә­сіпорын басшыларының 30,8%-ы - әйелдер. Бұл ретте, Үк­імет мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін ке­зең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыруға бағ­ытталған шаралар қаб­ылдап жатыр. ​

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қаржылай жә­не қаржылай емес шар­алар арқылы жүзеге асырылып келеді. Сыйақы мөл­шерлемесін субсидиял­ау шеңберінде 6 мың жоба, кредиттерге кепілдік беру бойынша 4 мың жоба қолдау тапты. Сонымен қатар ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асырып жатыр. ​

«Тұрақты экономикалық өсудің маңызды фак­торларының бірі реті­нде іскерлікті артты­рудағы әйелдердің қо­сқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Әй­елдердің саясаттағы рөлі және олардың бе­лсенді қатысуы қоғам­дық өмірдің басқа са­лаларында да гендерл­ік теңдікті жақсарту­ға ықпал етеді», деді ведомство басшыс­ы.