АСТАНА. 25 маусым. Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің еліміздегі учаскесі 2015 жылдың соңына дейін ашылады деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жеңіс Қасымбек: «Биыл 6 мың километр жол жөндеу көрді. Әрине, соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін ерекше атап өту керек. Жалпы ұзындығы 2452 километр болатын жолдың 1727 километрі пайдалануға берілді. Биыл Шымкенттен Ресей шекарасына дейінгі және толықтай Жамбыл облысына кіретін аймақтағы жол пайдалануға беріледі. Ал келер жылы жобаны толықтай аяқтау жоспарланған», – деді.
Бұдан өзге, министр 2013 жылдан бастап Алматы мен Астананы жалғайтын жаңа автокөлік дәлізін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай учаскілерін қалпына келтіру ісі жоспарда тұрғанын жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: aikyn.kz.
• 25 Маусым, 2014
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлiзi 2015 жылы пайдалануға берiледi

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10