25 Маусым, 2014

Ақмола облысында екі адамды бауыздап өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Arak03АСТАНА. 25 маусым.  Ақмола облысында екі адамды ұрып-соғып, соңында қойша бауыздап өлтірген қылмыскерлер ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, 2013 жылдың 24 желтоқсанында Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы «Хлебное» ауылында А.В.Гринь, Н.А.Васильев және К.Т.Құлыбаев үшеуі арақ ішеді. Содан, ішімдікке тойған үшеудің арасында жанжал туып, А.В.Гринь мен Н.А.Васильев үй иесі К.Т.Құлыбаевты жұдырықтай жөнеледі. Осы кезде үй ішіне К.Т.Құлыбаевтың досы А.К.Сейтенов кіріп келеді. Ол бірден жаға жыртысып жатқандарды сабырға шақырып, ажыратпақ болады. Осы кезде әбден қызып алған А.В.Гринь мен Н.А.Васильев үй иесін қойып, А.К.Сейтеновтің жағасынан жармасып, оның өзін соққыға жығады. Содан кейін, әбден естен айырылған  Н.А. Васильев А.К. Сейтеновтің ту сыртынан келіп, кеңірдегін пышақпен орып жіберіп, кеудесіне бірнеше рет сұғады. Істі болғандар мұнымен шектелмей,  өз қылмыстарын жасыру мақсатында үй иесі К.Т.Құлыбаевты да бауыздап өлтіреді. Сосын барып, оқиға орын алған үйге от қояды. Бірақ үстіне газ баллон қойылып, астынан от жағылған пеш өзінен өзі сөніп қалады. Осылайша, бұл қылмыстық оқиғаның жедел ашылуына себепкер болады. Осы қылмыстық оқиғаға қатысты жүргізілген сот процесі бойынша айыпкерлер: А.В.Гринь 21 жылға, Н.А.Васильев 22 жылға сотталды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: aktobegazeti.kz.