Ғылым • 09 Наурыз, 2023

3D басып шығарған зымыран тасығыш ғарышқа ұшуға дайын

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағының ұшыру алаңында америкалық Relativity Space компаниясы жасаған Terran 1 зымыраны орнатылды және сынақтан өтуге дайын. Бұл толығымен дерлік 3D басып шығару әдісімен жасалған алғашқы зымыран тасығыш, деп хабарлайды Egemen.kz.

3D басып шығарған зымыран тасығыш ғарышқа ұшуға дайын

Компания мәлімдемесінде Terran 1 ең үлкен 3D басып шығарған ұша алатын орбиталық нысан екені айтылған.

Зымыранның іске қосылуын YouTube-тан тікелей эфирде көруге болады. Эфир жергілікті уақыт бойынша түстен кейін басталады (Гринвич бойынша 17.00, Мәскеу уақыты бойынша 20.00).

Зымыранның ұзындығы шамамен 35 метр. Бұл ең кішкентай орбиталық зымырандардың бірі. Алайда Terran 1-дің басты айырмашылығы зымыранның 85 пайызы 3D басып шығарылған бөлшектер мен компоненттерден тұрады.

Зымыран салмағы 1250 кг-ға дейінгі жүктерді төмен жер орбитасына жеткізе алады және әр рейске 12 миллион доллар қаржы кетеді.

Алайда бұл жолы зымыранға жүк тиелмейді. Компания соңғы сынақты өткізбестен зымыранды ғарышқа ұшыруға дайын. 

«Сынақ кезінде зымыранның құрылғылары тозып кетеді. Сондықтан егер барлық жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, біз бірден іске көшкенді жөн көреміз», деді Relativity Space өкілі.