Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, «Береке» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 ақбөкен мүйізі табылды.
«1991, 1987 және 1986 жылы туған күдіктілер ұсталды. Келтірілген шығын 6 миллиард 264 миллион теңгеден асады», делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.