Саясат • 09 Наурыз, 2023

Қазақстанда азаптау туралы істердің көпшілігі сотқа жетпей жатады

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Палата отырысында азаптау туралы заң жобасын қарау барысында Ішкі істер минитсрлігінің басшысына қылмыстық-атқару мекемелері мен полицияның қызметтік ғимараттарына міндетті түрде бейнебақылау орнату туралы ережені заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда азаптау туралы істердің көпшілігі сотқа жетпей жатады

Сенат Спикері құқық қорғау органдарының ғимараттары бейнебақылауда болатыны және барлық іс-әрекеттер тіркелетіні туралы жақында қабылданған ереже маңызды және уақтылы болғанын атап өтті. Бұл тәсіл белгілі бір адамдарға заңсыз әрекеттердің қолданылғанын дәлелдеуге септігін тигізеді.

Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев құқық қорғау органдарының барлық ғимараттарында бейнежазба болуы туралы нақты талапты заңнамаға жазудың қажеттігі туралы сөз қозғады.

«Біз Қылмыстық кодекске азаптағаны үшін жазаны күшейтетін ережелерді енгіздік, бұл өте дұрыс. Құқық қорғау органдарының әрекеттеріне, кейбір қызметкерлердің зорлық-зомбылығына қатысты көптеген шағым түсетінін айта кету керек. Сенатқа да ондай шағымдар келіп жатыр. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істердің басым көпшілігі сотқа дейін жетпейді, өйткені зорлық-зомбылық, азаптау және т.б. болған фактілерді дәлелдеу, анықтау өте қиын. Осыған байланысты, біз жақында ғана прокуратурамен бірлесіп құқық қорғау органдарының барлық қызметтік ғимараттарына бейнебақылау орнатуды талап ететін ереже қабылдағаныңызды білеміз», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарында бейнебақылауда көрінбейтін жерлер болмауы тиіс екенін айтқан еді.