Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп «РТИ-АМӨЗ» ЖШС іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда (вагондарды ағымдық ағытпалы жөндеу және ағымдық ағымсыз жөндеу қызметтері бойынша) монополиялық ережені теріс пайдалану және әртүрлі бағаларды не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдану фактісін анықтады.
Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.