Аймақтар • 09 Наурыз, 2023

Жұрт жәрдемі – жаңа баспана

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біраз бұрын Қазалы ауда­­­нындағы Үрмәш Түктібаев ауылының тұрғыны Перуза Бекен­­­нің баспанасы аяқ астынан отқа оранып, бір үйлі жан далада қалған болатын. Ауылдастары қыстың көзі қырауда үйсіз қалғандардың жанынан табылып, көмегін аямады. Олардың қиналған жанға көмек көрсету жайындағы көпшілікке үндеуін көршілес Бекарыстан би және Майдакөл ауылдарының тұр­ғындары да қолдап, үлестерін қос­ты. Аз уақыт ішінде баспанаға қа­­жетті қаржы жиналып, жақында Пе­руза Бекенге үйдің кілті табыс­талды.

Жұрт жәрдемі – жаңа баспана

Шараға қатысқан аудан әкімі Мұх­тар Ораз­баев қиналған жанды қаға­жу қалдырмай, қамқорлық таныт­қан ауыл­да­ғыларға алғыс айтып, игі баста­маның іске асуына ұйытқы бол­ған Жәниет Өте­ген, Балықбай Төре­хан­ұлы, Балғазы Айма­ғанбетұлы, Ал­­мас Үсейін­ұлы, Ізат Ғаб­дулла мен Нұр­сұлтан Оң­та­лап­ұлына Ал­­ғысхат табыс етті.

Ауылдастарының арқасында жаңа баспаналы болған Перуза Бекен жер­лестеріне ризашылығын жеткізді.

 

Қызылорда