Партия • 09 Наурыз, 2023

Басым бағыттар аталған кездесулер

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазполиграф» ЖШС мен Семей цемент зауытының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

Басым бағыттар аталған кездесулер

Партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов партия саяси бағдарламасының алты басым бағытын атады. Олар – Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы, демократия мен парламентаризм, сыбайлас жемқорлық және деофшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Ол сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселеге жан-жақты тоқ­талып, «Ақ жол» демократиялық партиясы қыл­мыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан жемқор шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салу қажет деп санайтынын айтты.

«Ақ жол» депутаттары 2019 жылдан бері бұл ұсынысты бірнеше рет енгізді, 2020 жылы мұндай норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, бірақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты ғана қабылданды. «Мұны жеткіліксіз деп есептейміз және барлық жемқор шенеунікті шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды талап етеміз», деді кандидат.

Сонымен қатар жиында әділ сайлау мә­селесі көтерілді. Ақжолдықтар мұғалім­дерді бөгде жұмысқа тартуға тыйым салу, мұға­лім­­дердің сайлау комиссияларына қатысуын шек­теу, қосымша құн салығының сара­лан­ған мөл­шерлемелерін енгізу, инфляция­мен күрес, ипо­текалық несиенің жоғары пайыздық мөл­шер­лемесі туралы айтты.

Кандидаттар «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкімет құрамын Мемлекет басшысы емес, Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия жасақтап, оны Президенттің бекітуіне ұсынып, сол үкіметтің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жауапты болуы керек деп санайтынын еске салды.

Жиналғандар зейнет жасын төмендету, әлеуметтік баспанаға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ Үкімет алдында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтеруді сұрады.