Экономика • 10 Наурыз, 2023

Ұлттық банк теңгенің нығаюына не әсер еткенін түсіндірді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпан айында теңгенің нығаюына қандай жағдай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк теңгенің нығаюына не әсер еткенін түсіндірді

Оның айтуынша, ақпанда теңгенің нығаюы шамамен 3,2% болды.

«Біріншіден, мұндай динамика ірі салық төлемдерінің маусымдылығына байланысты күтілді, себебі, ақпанның екінші жартысы «үлкен» салық аптасы болды», деді Әлия Молдабекова

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, еркін өзгермелі бағамға көшу басталғаннан бері ақпанның соңғы екі аптасы теңге үшін оң болды.

«Екіншіден, ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық», деп қосты ол.

Оның айтуынша, валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсетті, ақпанда олардың көлемі 295 млн АҚШ долларына тең болды.

«Бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында Ұлттық қордан сату 590 млн АҚШ долларына тең болды, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн АҚШ долларынан аспады. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау аясында БЖЗҚ 226 млн АҚШ долларын сатып алды», деді Ұлттық банк өкілі.