«Үкім өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады», деп түсіндірді сот.
Еске салайық, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 36 жастағы Нұржан Тұрсынбаев барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға сотталды. Ол өз жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.